«Науырзым ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК
         КГКП «Наурзумский сельскохозяйственный колледж»
Воскресенье, 22.07.2018, 08:51

Здравствуйте Гость | RSS
Главная | Методическая копилка | Регистрация | Вход
  
ВИРТУАЛЬНЫЙ 3D ТУР

    Меню сайта

    Категории раздела
Семинары, тренинги, конференции [24]
Поурочные разработки [45]
Презентации, материалы [24]

    Новые фотографии

Разорви цепь коррупции!


Разорви цепь коррупции!


"Бал осени"


    Последнии новости
Семинары, тренинги, конференции
ТЕМА: 12.03.2018 г. был проведен консалтинг по оказанию государственных услуг с инженерно- педагогическим составом колледжа.



Семинары, тренинги, конференции
ТЕМА: Конкурс: «Электронное портфолио педагога»




Рухани жаңғыру
ТЕМА: «Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент негіздері» атты семинар-тренинг



Воспитательная работа
ТЕМА: "Challenge Другой ты!"




    Наш опрос
Достаточно ли информативный сайт Наурзумского колледжа?
Всего ответов: 22

Оставьте комментарий о статье "Темір кесетін қол арамен темірді кесу. Темір кесетін қайшымен кесу.", нам очень важно Ваше мнение! Комментариев-( 0 )
Главная » Методическая копилка » Поурочные разработки

Темір кесетін қол арамен темірді кесу. Темір кесетін қайшымен кесу.
Материал добавлен: 05.12.2017, 09:32
Автор материала: Шалдыбаев Тлек Укужанович


Скачать материал, презентацию
Размер файла - 860.3 Kb


Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Темір кесетін қол арамен темірді кесу. Темір кесетін қайшымен кесу.


Сабақтың мақсаттары.


Білімділік мақсаты:Темір кесетін құрал-жабдықтармен білім алушыларды таныстыру. Темір кесетін қол арамен,темір кесетін қайшымен, қолдануды үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Өндірістік оқыту жұмыстары кезіңде білім алушылардың ойлау қабілеттірін дамыту (салыстыру түрінде).


Тәрбиелік мақсаты: Өз беттерімен жұмыс істеуге және құрал-жабдықтардымен ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.


Өндірістік-оқу жұмысының объектілері: қол аралар,құбыр кескіш,темір кесетін қайшылар, зубила

Сабақтың материалдық-техникалық жабдықтары.
1) Инструкционно - технологические карты.
2) Плакаты
3) Технологические схемы

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезені:
- Білім алушыларды түгендеу
- Білім алушылардың арнайы киімін бар-жоғын тексеру
- Құрал-жабдықтарды тексеру
- Кезекшіні тағайындау

Кіріспе нұсқалау

Сабақтың мақсатымен және тақырыбымен таныстыру.

Сабақтың тақырыбы: Темір кесетін қол ара мен металл кесу. Темір кесетін қайшы мен кесу.

Сабақтың барысы бойынша түсініктеме.

Кесу- дегеніміз белгілі бір затты бірнеші бөлікке бөлу.
Бөлшектердің немесе дайындамалардың материалдарына, пішіндеріне және өлшемдеріне байланысты, оларды кесу қол немесе механикаландырылған аспаптардың көмегімен жүргізіледі. Оларға тістеуіктер, қол және электр қайшылары,шапқы, темір аралар, құбыр кескіштер және т.б. аспаптар жатады.

Қол аралары дөңгелек немесе әр түрлі пішіндегі қалың металдарды кесуге арналған. Қол араларымен ойықтарды, шлицаларды оюға, дайындамаларды контур бойымен кесуге және т.б. жұмыстарды орындауға болады.
Араларды бекітетін станоктардың екі түрі бар:
- тұтас - бір ұзындықтағы араларды бекітуге арналған;
- жылжымалы - ұзындықтары әр түрлі араларды бекітуге арналған.
Аралар - бір жақ қырында тістері бар жіңішке және жұқа пластинадан тұрады. Олар аспапты немесе тез кескіш болаттардан дайындалады. Аралардың тістерінің ұзындықтары көбінесе

Темір кесетін қол арамен темірді кесу.

Темірді арамен кесу кезінде алдымен араның өзі таңдалып алынады. Оны рамаға бекіткенде, тістерінің бағыты тұтқадан кері бағытталған дұрыс. Кесілетін металл немесе дайындама қысқышқа бекітіледі. Кесу кезінде майысу немесе діріл туғызбас үшін, олардың кесетін жері қысқышқа неғұрлым жақын орналастырылады. Араның тұтқасын оң қолмен, ал рамасын сол қолмен ұстау керек . Араны темір бетімен горизонталь бағытта ілгері-кейінді жылжыту арқылы металдарды кесуге болады. Араны ілгері бағытта (жұмыс жүрісі) жылжытқанда сәл төмен басу керек, ал кейін жылжытқанда, (бос жүрісі) тістері тозбау үшін, сәл жоғары көтерген дұрыс.
Жұқа қалыңтыр материалдар мен мыс түтіктерді екі ағаштың арасын қысып бекітеді. Бұл олардың майысуын және діріл туғызуын болдырмайды. Кескен кезде ағаштармен бірге кеседі.
Ұзын бөлшектерді кесу үшін араның рамасы 90 о бұрышпен бекітіледі.(сурет, в).

Темір кесетін қол қайшылар

Қол қайшылары (Суретте а, б және в,г) қалыңдықтары 1,5 мм-ге дейінгі түсті металдар және 0,5-1,0 мм болат табақтарын кесуге арналған. Олар кесу пышақтарының құрылыстарына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- металдарды тік сызық немесе радиусы үлкен шеңбер бойымен кесуге арналған - тік қайшылар (1- сурет, а);
- металдарды радиусы кіші шеңбер бойымен кесуге және табақты металдарда тесіктерді оюға арналған - қисық қайшы (2- сурет, б);
- өлшемдері үлкен және қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі металдарды кесуге арналған - столға бекітілген қайшы (3- сурет, в);
- қалыңдықтары 4 мм-ге дейінгі болаттарды және 6 мм-ге дейінгі түсті металдарды кесуге арналған - рычагты қайшы (4- сурет, г).

Металдарды қолмен кесу кезінде қайшыны оң қолдың алақаны мен саусақтарының арасына қысып ұстау керек. Бір саусақ (көбінесе сұқ саусақ) тұтқалардың арасында болған дұрыс: онымен төменгі тұтқаны қажетті бұрышқа ашады. Қайшыны кескіш пышақтарының ұзындығының 2/3 бөлігіне ғана ашқан дұрыс. Кесілетін металды сол қолмен ұстап, қайшының кесу жиектерінің арасына, жоғарғы пышақ белгі сызығының ортасында жататындай етіп, бағыттау керек. Содан кейін, саусақтармен тұтқаны қысу арқылы кесу жүргізіледі.
Металдарды түзу сызық және шеңбер бойымен кесу кезінде, белгі сызығы дұрыс көріну үшін, оң қайшыларды қолданған дұрыс.

Металдарды рычагты қайшылармен кесу

Металдарды рычагты қайшылармен кесу кезінде фиксатордан босатылған рычаг жоғары көтеріледі, ал кесілетін металл пышақтардың арасына перпендикуляр бағытпен орналастырылады. Сол қолмен металды ұстап, оң қолмен рычагты төмен басу арқылы кесу іске асырылады.

Металдарды шабу

Металдарды шабу деп - дайындаманы бөліктерге бөлетін өңдеу операциясы деп аталады. Металдарды шабу операциясы дайындамаларды станокта өңдеу қиын немесе тиімсіз болған жағдайда қолданылады.
Ұсталық шапқы - бұл аспапты теміртекті болаттан дайындалған стержень. Ол төрт бөліктен тұрады: 1 - соғатын бөлігі; 2 - ортаңғы бөлігі; 3 - жұмыс бөлігі; 4 -кесу жиегі. Шапқының соғатын бөлігі жоғары қарай жіңішкеріп, ал төбесі дөңгеленіп жасалған. Шапқының ортаңғы бөлігі шабу кезінде ұстауға арналған. Жұмыс(кесу) бөлігі сына тәрізді..

Сынаның үшкірлеу бұрышы өңделетін материалдың қаттылығына байланысты таңдалып алынады.
Кеңінен қолданылатын материалдарды шабуға ұсынылатын сынаның үшкірлеу бұрыштарының мәндері:
- қатты материалдар үшін (қатты болат, шойын) ¬ 70 о;
- қаттылықтары орташа материалдар үшін (болаттар) - 60 о;
- жұмсақ материалдар үшін (мыс, жез) - 45 о;
- алюминий қорытпалары үшін - 35 о.
- Металдарды шабу кезінде денені дұрыс ұстаудың (жұмыс істеушінің денесі мен аяғын ұстауы), кескіш аспаптарды дұрыс ұстаудың және балғамен соғуды орындау техникасының маңызы зор.
- Балғамен соғу кезінде дененің ауырлық центрі тұрақты болуы керек. Ол үшін жұмыс істеушінің денесі тік және қысқыш осіне 45 о шамасында жартылай бұрылып, табандарының ось сызықтары 40 о болатындай сол жақ аяғы жарты қадам алға қарай тұруы керек

Металдарды шабу кезінде кескіш аспаптар мұқалып, өтпей қалуы мүмкін. Соңдықтан, оларды қайрап, қалпына келтіріп отыру керек. Қайрау кезінде кескіш аспаптардың кесу жиектері қатты қызып кетпес үшін, оларды қайраққа немесе ажарлау шеңберлеріне күшпен қысып жақындатуға болмайды. Сол сияқты, қайралатын бөлігін суға әлсін-әлсін суытып отыру керек.

Шабуды орындау техникасы:
а - жұмыс істеушінің денесін ұстауы; б - шапқының өңделетін бетке көлбеулігі; в - шапқының қысқыштың бойлық осіне көлбеулігі; г - жұмыс істеушінің аяқтарының орны; д - білектің көмегімен соғу; е - шынтақтың көмегімен соғу; ж - иықтың көмегімен соғу


Сабақтың тақырыбы бойынша оқушылардың білімін тексеру.

1.Кесу дегеніміз не?
Жауабы: белгілі бір затты бірнеші бөлікке бөлу

2.Темір кесетің қол араның құрылысы?
Жауабы: 1 - рама; 2 - құлақты гайка; 3 - тарту-винтінің қалпақшасы; 4 - кескіш ара; 5 - штифт; 6 – тұтқа.

3. Темір кесетің қол аралардың тістерінің ұзындықтары неше мм болып келеді?
Жауабы:250-300мм

4. Темір араның тістерің ауыстыру кезіңде,оны рамаға бекіткенде,
тістерінің бағыты қай жаққа бағытталған дұрыс?
Жауабы: тұтқадан кері бағытталады

5.Темір кесетің қол қайшыларының қалыңдықтары неше мм-ге дейінгі түсті
металдарды және болат табақтарын кесуге арналған?
Жауабы: қалыңдықтары 1,5 мм-ге дейінгі түсті металдар және 0,5-1,0 мм болат табақтарын кесуге арналған.

6. Өлшемдері үлкен және қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі металдарды кесуге арналған қол қайшыны ата?
Жауабы: столға бекітілген қайшы

7. Рычагты қайшы неше мм-ге дейінгі болаттарды және түсті металдарды кесуге арналған?
Жауабы: 4 мм-ге дейінгі болаттарды және 6 мм-ге дейінгі түсті металдарды кесуге арналған

8. Металдарды шабу дегеніміз?
Жауабы: дайындаманы бөліктерге бөлетін өңдеу операциясы деп аталады

9 Ұсталық шапқының құрылысы?
Жауабы: 1 - соғатын бөлігі; 2 - ортаңғы бөлігі; 3 - жұмыс бөлігі; 4 - кесу жиегі

10.Шапқының қатты материалдар шабу үшін (қатты болат, шойын)
қанша градусқа үшкірлейді?
Жауабы: 70о

Қауыпсіздік ережесі.

- рамаға қатты немесе бос керіліп тартылған арамен жұмыс істеуге болмайды: бұл араның сынып, қолды жарақаттауға әкеп соғады;
- металдардың ұсақ жаңқаларын үрлеп немесе қолмен тазалауға болмайды, ол үшін сыпырғыш-щетканы қолдану керек;
- металдарды кесуді аяқтардың алдында дайындаманың кесілетін бөлігін бір қолмен ұстау қажет;
- қалыңтыр материалдарды қайшымен кесу кезінде, қолды жарақаттап алмау үшін, қорғағыш қолғаптар киген дұрыс;
- жұмыс орнында керек емес аспаптар мен артық құралдар болмауы керек.


Топты 4-ке бөліп 5-оқушыдан,тақырып беру

1- топ. Темір кесетін қол арамен темір кесу.
2- топ. Темірді кесетін қайшымен темір кесу.
3- топ. Құбыр кескішпен құбыр кесу.
4- топ. Металдарды шабу.

Ағымды нұсқау.

Бірінші мақсат бойынша тексеру; білім алушылардын берілген тапсырманын орындалуын қадағалау, Жұмыстын орындау реті, қауіпсіздік ережесін сақтау.
Екінші мақсат бойынша тексеру; білім алушылардын жұмысын бақылау. Сапалы жұмыс істеу үшін техникалық шарттарн сақтау керек.
Үшінші мақсат бойынша тексеру; Тапсырманы ретімен орындау және өз бетерімен тексеру.

Бекітуші нұсқаулық.

1. Жұмысты орындау әдістері.
2. Істелінген жқмыстын сапасын тексеру.
3. Атқарылған жұмыстарынын қателіктерін тексеру.
4. Істелінген жұмысты бағалау.
5. Жұмыс орынын жинау.


Нажмите на иконку, поделитесь с друзьями.
Категория: Поурочные разработки | Добавил(а): "Кумусбеков" Автор материала: Шалдыбаев Тлек Укужанович
Просмотров: 287 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0


CashTaller.RU

Имя *:
Email:
Все смайлы
Код *:
Введите символы

Перед добавлением, Ваш комментарий пройдет проверку.


Другие методические материалы:


Категория:Семинары, тренинги, конференции
ТЕМА: «Развитие познавательных способностей на уроках английского языка»

Работа преподавателя английского языка в условиях современного образования предполагает развитие познавательных способностей обучающихся путём поиска эффективных приёмов и методов преподавания.
Изучение английского языка – социальный заказ общества. Владение английским языком становится в настоящее время одним из условий профессиональной компетентности специалиста.
(опубликовано-20.11.2017)



Категория:Презентации, материалы
ТЕМА: МТЗ-80 тракторын сақтауға дайындау және сақтауға қою

МТЗ-80 тракторын сақтауға дайындау және сақтауға қою
Мақсаты: Оқушыларды тракторды сақтауға дайындау және сақтауға қою кезінде атқарылатын жұмыстарымен таныстыру және үйрету.
(опубликовано-04.12.2017)



Категория:Презентации, материалы
ТЕМА: ПОЛЕ ЧУДЕС

Внеклассное мероприятие по спецдисциплинам "Поле чудес!".

На неделе спецдисциплин мы провели внеклассное мероприятие "Поле чудес!". В этом конкурсе участвовали 1-2 курсы нашего колледжа.
Цель:
- повторить и обобщить знания обучающихся по курсу и повысить интерес к учебной и внеучебной деятельности.

Задачи:
- проверить знания обучающихся;
- выявить пробелы в знаниях;
- продолжить работу по развитию способности обучающихся логически мыслить.
(опубликовано-25.05.2016)



Категория:Поурочные разработки
ТЕМА: «Приготовление полуфабрикатов из мяса» предмета «Спецтехнология»

Урок по теме: «Приготовление полуфабрикатов из мяса» предмета «Спецтехнология» разработан для обучающихся 1 курса обучения специальности «Организация питания».
(опубликовано-02.11.2016)



Категория:Презентации, материалы
ТЕМА: Андрей Белый поэт-символист

Презентация о русском писателе, поэте, критике, мемуаристе, одном из ведущих деятелей русского символизма и модернизма в целом Андрее Белом.

Золотому блеску верил,
А умер от солнечных стрел.
Думой века измерил,
А жизнь прожить не сумел.
(опубликовано-28.12.2017)



Категория:Поурочные разработки
ТЕМА: Производственное обучение.

Тема урока ««Рыба, запеченная в сметанном соусе» по производственному обучению изучается на 2 курсе обучения специальности: «Организация питания».
(опубликовано-27.10.2017)


   

    Поиск информации


    Паспорт Наурзумского колледжа

    Друзья сайта
  • Акимат Наурзумского района


  •     Погода | Курс валют


    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


        Ближайшие праздники
    Праздники Казахстана

        Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0

    майнинг
    Колледж sch_prof@mail.ru 2010-2018 | Дизайн © 2008-2018
    Хостинг от uCoz Яндекс.Метрика