«Науырзым ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК
         КГКП «Наурзумский сельскохозяйственный колледж»
Воскресенье, 22.07.2018, 08:51

Здравствуйте Гость | RSS
Главная | Наши новости | Регистрация | Вход
  
ВИРТУАЛЬНЫЙ 3D ТУР

    Меню сайта

    Категории раздела
"Знание-сила!" (учебный процесс) [23]
Новости с уроков производственного обучения [9]
Воспитательная работа [140]
Позвони-ты не один! [6]
Спортивные вести [10]
Молодежная политика [3]
Попечительский совет [4]
Рухани жаңғыру [3]
Антикоррупция [1]

    Новые фотографии

Разорви цепь коррупции!


Разорви цепь коррупции!


"Бал осени"


    Последнии новости
Семинары, тренинги, конференции
ТЕМА: 12.03.2018 г. был проведен консалтинг по оказанию государственных услуг с инженерно- педагогическим составом колледжа.



Семинары, тренинги, конференции
ТЕМА: Конкурс: «Электронное портфолио педагога»




Рухани жаңғыру
ТЕМА: «Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент негіздері» атты семинар-тренинг



Воспитательная работа
ТЕМА: "Challenge Другой ты!"




    Наш опрос
Престиж Наурзумского колледжа
Всего ответов: 22

Оставьте комментарий о статье "Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері", нам очень важно Ваше мнение! Комментариев-( 0 )
Главная » Наши новости » Воспитательная работа

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

Автор материала: Ансаганова Жансая Нұрланқызы


Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне , технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
Жолдаудың маңыздылығы мен он басымдығы жайлы колледж студенттеріне айтылып өтілді..
Мақсаты: Студенттерге «2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған Нұрсұлтан Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсінуі, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет.
Бұлар, бірінші кезекте, технологиялардың трансфертін ынталандыруға тиіс.
Еліміздің бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорнын цифрландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырып, бұл тәжірибені кеңінен тарату керек.
2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керек.
ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады.Кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізу қажет.
Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру керек.
Осы және басқа да шаралар заңнамаға, соның ішінде Экологиялық кодекске өзгерістер енгізуді талап етеді.
ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.
Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет.
Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет.
5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырамын.
ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
Бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді.
Ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек.
Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет.
Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек.
БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты.
Бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек.
Осы міндетті орындау барысында құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды,сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлде басқа тәсілдердіқолдану керек.
АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
Банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту ісін аяқтау қажет.
Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс.
ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.
Білім берудің жаңа сапасы.
Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.

СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару.
Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет.
ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді.
Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды.
Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді.
Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады.
Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс.
Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда.
Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді.
Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді.
Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек.
ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл.
Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз.
Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады.
«Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет.
Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты.




Нажмите на иконку, поделитесь с друзьями.
Категория: Воспитательная работа | Добавил(а): Админ (22.02.2018) | Автор материала: Ансаганова Жансая Нұрланқызы
Просмотров: 176 | Рейтинг: 4.0/2


Всего комментариев: 0


CashTaller.RU

Имя *:
Email:
Все смайлы
Код *:
Введите символы

Перед добавлением, Ваш комментарий пройдет проверку.


Другие новостные материалы:


Категория:Воспитательная работа
ТЕМА: Работа по информационному сопровождению антитеррористической деятельности.

Работа по информационному сопровождению антитеррористической деятельности в
КГКП «Наурзумский сельскохозяйственный колледж» проводится по нескольким направлениям.
(опубликовано-11.09.2015)



Категория:Воспитательная работа
ТЕМА: «Синий кит» убивает детей в Казахстане

Мы призываем!
Согласно плана мероприятий по профилактике суицида среди детей и подростков в КГКП «Наурзумский сельскохозяйственный колледж» 8 февраля прошло собрание «Мы призываем обезопасить себя от смертельной игры».
(опубликовано-13.02.2017)



Категория:Воспитательная работа
ТЕМА: Дін және терроризм бір-бірімен байланыспайтын ұғымдар

Аталмыш тақырып аясында, «Түркебай» мешітінің бас имамы Н.Сыздықов, аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Сұлтанова, әдіскер Серікбай А. “Науырзым ауыл шаруашылығы колледжі” КМҚК студенттермен кездесті. Кездесуде терминдерге нақты анықтамалар беріліп, тақырып тереңнен түсіндірілді.
(опубликовано-27.10.2017)



Категория:Воспитательная работа
ТЕМА: Профориентационную работа 2016 год.

Коллектив КГКП «Наурзумский сельскохозяйственный колледж» продолжает информирования выпускников школ по вопросам, возникающим при выборе будущей профессии. В этих целях и проводятся профориентационную работы, на которых профориентаторы рассказывают о колледже, правилах поступления, проживания в общежитии, т.к. выпускники школ вступают в жизнь без должной трудовой подготовки, не имея достаточного представления о рабочих профессиях.
(опубликовано-17.02.2016)



Категория:Воспитательная работа
ТЕМА: Акцию «Мы славим руки матери своей»

7 марта 2018 года в преддверии Международного женского дня КГКП «Наурзумский сельскохозяйственный колледж» провел акцию «Мы славим руки матери своей». Воспитатель совместно со студентами колледжа поздравили прохожих дам и вручили им цветы. Счастливыми обладателями цветов на праздник стали случайные прохожие.
(опубликовано-29.03.2018)



Категория:Воспитательная работа
ТЕМА: КГКП «Наурзумский сельскохозяйственный колледж» празднует День единства народов Казахстана

Для всех казахстанцев этот праздник наполнен особым смыслом. Ведь именно в нашей стране, образно говоря, под единым шаныраком мирно соседствуют более 150 национальностей.
(опубликовано-03.05.2016)


   

    Поиск информации


    Паспорт Наурзумского колледжа

    Друзья сайта
  • Акимат Наурзумского района


  •     Погода | Курс валют


    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


        Ближайшие праздники
    Праздники Казахстана

        Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0

    майнинг
    Колледж sch_prof@mail.ru 2010-2018 | Дизайн © 2008-2018
    Хостинг от uCoz Яндекс.Метрика